Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты ✓52 М.Өтемісұлы атындағы білім беретін мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өтті.
Кездесуде мектеп директоры сөз сөйлеп, Президент Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және өңірлерді дамыту мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен қоғамның бірлескен іс-қимылы маңызды екені атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.