«Әділет» партиясы Ақжар бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентіні Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Ақжар бастауыш партия ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Өз сөзінде Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өңірлерді дамыту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азаматтың белсенді атсалысуы, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттілігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.