Сайрам ауданындағы бастауыш партия ұйымдарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде өткізілуде.
Кездесулер барысында Жолдауда айқындалған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық реформалар, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және өңірлік даму мәселелері кеңінен талқылануда.
Іс-шаралардың басты мақсаты – Жолдауда көтерілген міндеттердің маңыздылығын партия мүшелеріне түсіндіру, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға атсалысу.