Созақ аудандық орталық кітапханасының директоры Нұржамал Әбілжанқызы ұжым қызметкерлерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, көлік-логистика және энергетика салаларын жаңғырту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар Жолдауда көтерілген бастамалардың жүзеге асырылуындағы әрбір сала өкілінің рөліне тоқталып, кітапхана қызметкерлерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы маңызы атап өтілді.