Редакция таңдауы

Таза Қазақстан: Жаңа Иқанда тазалыққа жұрт жұмылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы елді мекендердің тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Президент тазалықты тек арнайы акциялар кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдырудың маңыздылығын атап өтіп, әр азаматты туған жеріне жанашырлықпен қарауға шақырып келеді.

Осы игі бастама аясында Сауран ауданының Жаңа Иқан ауылында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, елді мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен ортақ пайдаланылатын аумақтар тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар айналаны ретке келтіру және абаттандыру бағытында жұмыстар атқарылды.

— Мұндай шаралардың маңызы – елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруында. Тазалық мәдениеті қалыптасқан ауылдың ажары да артып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасады. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік және абаттандыру жұмыстары Жаңа Иқан ауылында алдағы уақытта да жалғасын табады. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршаға ортақ міндет, — делінген жергілікті әкімдік таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар