Редакция таңдауы

Таза Қазақстан: Сауран ауданының Иассы ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Осы игі бастама аясында Иассы ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылып, ауыл аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында көшелер тазаланып, шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, ауыл аумағын ретке келтіру, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның көркін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар атсалысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

— Мұндай ортақ іске жұмылу елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Туған жердің таза әрі жайлы болуы – баршаға ортақ міндет. Сондықтан елді мекеннің тазалығын сақтау тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде де әр азаматтың басты назарында болуы қажет. Иассы ауылдық округінде тазалық пен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, — дейді тазалық шарасын ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар