«Әділет» партиясы Жібек жолы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентіні Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Жібек жолы бастауыш партия ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азаматтың белсенді атсалысуы, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттілігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.