Редакция таңдауы

Сарыағашта Президент Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

Бүгін №22 Елшібек батыр жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында арнайы кездесу өтті.

Кездесу барысында Дербісек бастауыш партия ұйымының мүшелері,мұғалімдер Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі идеялар мен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде «Әділет» партиясының мүшелері сөз сөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екендігін атап өтті. Ол Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар