Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасы барысында елді мекен аумағындағы жол бойлары мен оған іргелес аумақтар назарға алынып, шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, айнала аумақтар қоқыстан тазартылып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Сала мамандарының айтуынша, жол бойындағы тазалықты сақтау – елді мекеннің көркіне ғана емес, тұрғындар мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне де әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан мұндай жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қоршаған ортаны таза ұстауға және ауылдың ажарын арттыруға мүмкіндік береді.
— «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаны абаттандырумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және туған жердің тазалығын сақтауға шақыру. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір азамат қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, өзі тұратын аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қараса, елді мекендердің көркейіп, қоршаған ортаның жақсара түсері сөзсіз, — делінген жергілікті әкімдік таратқан ақпаратта.
Жергілікті әкімдік ақпаратына сүйенсек, Ескі Иқан ауылдық округінде «Таза Қазақстан» аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.