«Департамент басшысының орынбасары Дархан Суртеков Кентау қаласындағы “Кентау трансформатор зауыты” АҚ қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резерві бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді»деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
.
.Аталған жиынға, Кентау қаласы әкімінің орынбасары А. Байболова, “Кентау трансформатор зауыты” АҚ Басқарма Төрағасы Б. Құдайбергенов және зауыттың жас қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Д. Суртеков Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резерві жобасының мақсаттары мен міндеттеріне, оған қатысу тәртібі мен талаптарына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысудың артықшылықтары мен жас мамандар үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар берілді.