«Сауран аудандық мәслихатының кезекті 33-сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың жұмысына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысты», деп хабарлайды
Сауран ауданының баспасөз қызметі.
Сауран ауданының баспасөз қызметі.Мәжіліс залында өткен отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан басшылығы, дербес бөлімдердің жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия барысында 12 мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2024 жылғы аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер тыңдалып, бекітілді. Сонымен қатар құқық қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, жер кадастры, кәсіпкерлік пен туризм, мәдениет және спорт, жастар саясаты мен экология бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Ауылдық округ әкімдері де өз округтеріндегі жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Атап айтқанда, Ескі Иқан, Үшқайық, Жібек жолы және Жүйнек ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы баяндама жасады.
Сессия қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық баяндамашылардың есептерін саралай келе, мемлекеттік бағдарламалар мен аудандық даму жоспарларының сапалы орындалуына баса мән беруді тапсырды. Ол жергілікті деңгейдегі проблемаларды дер кезінде анықтап, оларды шешу жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.