Редакция таңдауы

Түркістан облысында білім берудің жаңа бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Қуанышқызы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің педагогикалық қауымдастығымен
кездесті.
Кездесуде білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалар мен алдағы міндеттер сараланды. Басты мақсат – заман талабына сай ойлайтын, бәсекеге қабілетті, білімді әрі жауапты тұлға қалыптастыру.
Жиында іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқыту, «Қазақстан географиясы» пәнін қайта енгізу, құқықтық сауаттылықты арттыру, «Адал азамат» бағдарламасын дамыту, мектепке дейінгі білім беру сапасын көтеру, жекеменшік балабақшаларды әдістемелік қолдау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері кеңінен қаралды.
Бүгінгі кездесуде көтерілген бастамалар – өңірдегі білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетуге және әрбір бала үшін сапалы білім алуға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар