Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ – ОРДАБАСЫДА!

Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында қазақ боксшылары командалық 1-орынды жеңіп алып, қазақ боксының бұл жеңісі – ел спортының жаңа белесі мен барша қазақтың қуанышына, табандылық пен патриотизмнің айқын көрінісіне айналған еді.
Көк байрағымызды биікте желбіретіп, миллиондаған жанкүйерге қуаныш сыйлаған сол жеңістің нағыз қаһармандары – Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай және ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар Ордабасы ауданына арнайы келіп, жастармен жүздесті.
Кездесу барысында олар өздерінің спорт жолындағы қиындықтар мен жеңістерін айтып, «Жеңіс – маңдай тердің, төзім мен тәртіптің жемісі» екенін ерекше атап өтті.
Шараның шарықтау шегінде чемпиондар жасөспірімдерге мастер-класс өткізіп, боксқа қызығушы жастарға үлкен серпін сыйлады. Қолғап түйістірген әрбір жас чемпиондардан шабыт алып, болашаққа зор сеніммен қарады.
Бұл тек спорттық кездесу емес – шын мәнінде аудан жастарының рухын көтерген тарихи сәт! Ордабасының жастары әлем чемпиондарынан жігер алып, «Мен де жеңемін! Мен де шыңға шығамын!» деген сеніммен тарқасты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар