Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының басты мақсаты – қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдыру екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп келеді.
Осы ретте Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінің Жүйнек елді мекенінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында көше бойларында жиналып қалған қоқыс үйінділері тазартылып, елді мекен аумағы ретке келтірілді. Атқарылған жұмыстар ауылдың санитариялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
— Елді мекеннің тазалығы мен көркі – ондағы тұрғындардың ортақ жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан көшелерді, қоғамдық орындарды және айналаны таза ұстау тек арнайы қызметтердің емес, әрбір азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстардың нәтижелі болуы тұрғындардың белсенділігі мен тазалыққа деген ұқыпты көзқарасына тікелей байланысты. Туған жердің көркеюіне әр азамат өз үлесін қосса, ауылдың ажары да арта түспек, — делінген жергілікті әкімдік таратқан ақпаратта.