Редакция таңдауы

Оранғайда «Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті

Сауран ауданының Оранғай ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасы Қарашық өзенінің бойында өтіп, оның барысында өзен жағасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл тұрғындары қоршаған ортаны қоқыстан арылтып, өзен маңындағы аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға белсене атсалысты.

Қарашық өзені – ауыл тұрғындары үшін табиғи әрі маңызды нысандардың бірі. Сондықтан оның айналасын таза ұстау, табиғи аумақтарға ұқыпты қарау және қоршаған ортаны ластамау – баршаға ортақ міндет. Сенбілік барысында тұрғындар туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

— «Таза Қазақстан» бастамасы ел аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Табиғатты қорғау тек арнайы акциялар кезінде емес, күнделікті өмірде де әр азаматтың жауапкершілігіне айналуы қажет. Оранғай ауылында ұйымдастырылған сенбілік – тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ іске деген белсенділігінің көрінісі. Мұндай игі шаралар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыра түседі, — делінген жергілікті әкімдік таратқан ақпаратта.

Таза әрі көрікті ауыл – баршаға ортақ еңбекпен қалыптасады. Осы ретте сенбілікке белсенді қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосқан ауыл тұрғындарына алғыс білдіріледі. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, «Таза Қазақстан» аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар