Редакция таңдауы

Таза Қазақстан: Сауран ауданында кең көлемді тазалық шарасы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің тазалығын сақтаудың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Сауран ауданында кең көлемді санитарлық тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 100-ге жуық адам қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері және басқа да аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде аудан аумағынан 8 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық шығарылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы жақсартылып, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Салаға жауапты мамандардың айтуынша, Сауран ауданында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Мұндай игі бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және туған жерге деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар