Редакция таңдауы

Сауранда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігі жіті бақылауда

Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы білім алуына жағдай жасау және жан-жақты дамуына мүмкіндік беру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

Тұжырымдама аясындағы негізгі бағыттардың бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, сапалы мектепке дейінгі және орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың денсаулығын сақтау, психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті орта қалыптастыру, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту бағыттарына ерекше мән берілуде.

Сауран ауданында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен нақты жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің және кибербуллингтің алдын алу, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, балаларды қосымша білім беру, спорттық және шығармашылық үйірмелермен қамту бағыттары бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Балалардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдары, ата-аналар және мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара байланыс орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 2025–2026 оқу жылында Сауран ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы тамыз айында білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлері және ұйымдастырушы педагогтерімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына (2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрыққа енгізілген өзгерістер) сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама талаптарына сәйкес барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы педагогикалық кеңесте қаралып, жылдық тәрбие жоспарына енгізілді. Әр тоқсан сайын атқарылған жұмыстар қорытындыланып, нәтижелері талқыланып отырды. Бағдарлама аясындағы «Қамқор», «Шабыт», «Балалар кітапханасы», «Еңбегің адал жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы», «Смарт бала» жобаларын сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында оқушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық, ұлттық құндылықтарды құрметтеу қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мектептердің кіреберістері мен сынып бөлмелерінде құндылықтар мен аптаның дәйексөздерін орналастыру жұмыстары да жүйелі жүргізілді. Аптаның дәйексөздері оқушыларға рухани-адамгершілік бағыт беретін, тәрбие жұмысының мазмұнын айқындайтын маңызды құрал ретінде пайдаланылуда. Олар ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және басқа да көрнекі орындарда орналастырылып келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырған білім беру ұйымдарының қатарында Әл-Фараби атындағы ЖББМ, Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернат, Яссауи атындағы ЖББМ, А.Үсенов атындағы ЖББМ, Сауран, «Дарын KZ», Р.Бердібай атындағы ЖББМ, Жаңа Иқан №1, №2 мектептері, №1 мектеп, С.Қожанов атындағы ЖББМ, Құмтүйін, Қосқорған, Ұлықбек атындағы ЖББМ, №4, Әйтеке би атындағы ЖББМ, А.Югнаки атындағы ЖББМ, Ж.Абдуллаев, №5, А.Байтұрсынов атындағы ЖББМ, Т.Айтжанов, Төле би, М.Қазыбеков атындағы ЖББМ, М.Мәметова атындағы ЖББМ мектептері бар.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірқатар мектептерде аудандық және аймақтық семинарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, А.Үсенов, Молда Мұса, Құмтүйін, Қосқорған, С.Рахимов, Ө.Жәнібеков және №3 мектептер базасында семинарлар өткізіліп, тәрбие жұмысын жетілдіру бағытындағы тәжірибелер ортаға салынды.

Жалпы, Сауран ауданында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар балалардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар