Редакция таңдауы

САУРАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 15 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен және қолдауымен Шорнақ ауылдық округінде елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаның көркін жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды,- дейді Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және еріктілерді қоса алғанда 700-ге жуық адам белсенді қатысты. Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері, арық-атыздар мен ортақ пайдаланылатын аумақтар күл-қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық арнайы белгіленген полигонға шығарылды. Мұндай жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Аудан басшылығы тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және сенбілік жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын тауып, барлық ауылдық округтерде тұрақты ұйымдастырылатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар