Редакция таңдауы

Ордабасылық оқушылар жазғы лагерьге аттанды

Ордабасы ауданында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда ауданның бірқатар жалпы білім беретін мектептерінен 250 оқушы Төлеби ауданының Керегетас ауылында орналасқан «Тау гүлі» жазғы сауықтыру лагеріне жол тартты.

Жазғы демалысқа аттанғандардың қатарында Ілияс Есенберлин, Кәрім Омаров, Таукехан, Есенәлі Ерназаров, Бақытжан Оңтаев, Зұлпыхар Исабеков, Жамбыл, Қаныш Сәтбаев және Бірлік атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары бар. Балалар лагерьде демалып қана қоймай, түрлі мәдени-танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысып, жазғы уақыттарын мазмұнды өткізеді.

Жалпы, биылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында Ордабасы ауданынан әлеуметтік осал топ санатына жататын 2000 оқушының демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, жайлы әрі мазмұнды өткізу – басты міндеттердің бірі. Осы бағытта лагерьлерде барлық қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылған. Балалардың денсаулығын нығайтуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жазғы сауықтыру науқанының негізгі мақсаты.

Жазғы демалыс маусымы барысында аудан оқушылары үшін түрлі сауықтыру және тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жалғасын табады.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар