Редакция таңдауы

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында Түркістан облысы аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сарыағаш ауданында өткізілген сенбілікте республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, жол жиегіндегі шөптерді ору және ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, саябақтардың аумағы мен арық-атыздар тазаланды. Жалпы аудандық сенбілік барысында арнайы техникалардың көмегімен жиналған қоқыстар арнайы қоқыс полигондарына жөнетілді.
Барша өңір тұрғындарын өз ауласын таза ұстауға, тазалық жұмыстарын белсене атсалысуға шақырамыз!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар